Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 16 сәуірдегі № 423 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының туындауын және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегі жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде;

сегiзiншi абзацтағы «құс орнитозы» деген сөздерден кейiн», құстардың жоғары патогендi тұмауы» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың aca қауiптi ауруларының тiзбесiнде;

төртiншi абзацтағы «жылқының африкалық обасы (экзотикалық ауру)»деген сөздерден кейiн», эпизоотиялық лимфангоит» деген сөздермен толықтырылсын;

жетiншi абзацтағы «респираторлық микоплазмоз» деген сөздерден кейiн», құстардың жоғары патогенді тұмауы» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республиканың

Премьер-Министрі

Д.Ахметов