Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 8 сәуірдегі № 389 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Өмірәлиев Ербол Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;

көрсетілген құрамнан: Ахметжанов Саян Қылышұлы, Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов