Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 183 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
Оглов Вадим Валерьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментiнiң директоры, хатшы;
Көшенов Ахметжан Рахымбайұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаментiнiң директоры;
Байғожин Марат Имашұлы - Атырау облысы әкімінiң орынбасары;
көрсетiлген комиссияның құрамынан: Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, Керiмқұлов Уахит Арынұлы, Ерғалиев Фархад Ғаппарұлы, Оңғарбаева Ольга Талғатқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д.К. Ахметов |