Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 69 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Марченко                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
     Григорий Александрович    бірінші орынбасары, төраға
     Жандосов                - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
     Ораз Әлиұлы               ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                               жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
                               орынбасары (келісім бойынша)
     Григорьева              - Қазақстан Республикасының Табиғи монопо.
     Светлана Петровна         лияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                               жөніндегі агенттігі Электр және жылу энер.
                               гетикасы саласындағы реттеу мен бақылау
                               жөніндегі департаментінің директоры, хатшы
                               (келісім бойынша)
     Жақсыбеков              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
     Әділбек Рыскелдіұлы       сауда министрі;

мынадай:

     «Досаев                 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
     Ерболат Асқарбекұлы       ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                               жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
                               орынбасары»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     «Досаев                 - Қазақстан Республикасының
     Ерболат Асқарбекұлы       Қаржы министрі»

көрсетілген құрамнан: Павлов Александр Сергеевич, Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов