Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысына
өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
19 қаңтардағы № 49 қаулысы

ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 359-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi туралы ережеде:

17-тармақтың екiншi абзацындағы "төрт орынбасары" деген сөздер "бec, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов