Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 150ах қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 487-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

"форум," деген сөзден кейін "1" деген санмен толықтырылсын;

"акция," деген сөзден кейінгі "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов