Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 27 желтоқсандағы № 150ас қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулыға 376-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлердi даярлауды қаржыландыру. Студенттердiң жылдық орташа саны 5500 (оның iшiнде Қорғаныс министрлігінiң рұқсат қағазы бойынша жылдық орташа қабылдау - 1333).";

көрсетiлген қаулыға 388-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

5-бағандағы "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күресу күнiне арналған шаралар өткізу; Нашақорлыққа қарсы тақырыпқа 2-конкурс, 1-жарыс өткізу; Радиохабарлар, дөңгелек столдар, 4-конференция өткізу" деген сөздер "студент және оқушы жастардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу; нашақорлық проблемаларын көрсететiн бейнематериалдар дайындау, шығару және эфирде орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 408-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

5-баған ", жиынтықтағы коммутатор - 5 дана" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов