Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1306 қаулысы

(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2008.31.12  № 1345 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

2) ҚР Үкіметінің 2008.31.12  № 1345 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдеріне:

14-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

           0,5 метрден 1 метрге дейін             12,5
           1 метрден 1,3 метрге дейін             15,0
           1,3 метрден 1,8 метрге дейі            16,5
           1,8 метрге тең немесе одан көп         18,0-ден аспауы тиіс;
           болғанда

3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

           0,5 метрден 1 метрге дейін             12,0
           1 метрден 1,3 метрге дейін             14,0
           1,3 метрден 1,8 метрге дейі            16,0
           1,8 метрге тең немесе одан көп         17,5-ден аспауы тиіс;
           болғанда

4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

           0,5 метрден 1 метрге дейін             17,5
           1 метрден 1,3 метрге дейін             21,0
           1,3 метрден 1,8 метрге дейі            24,0
           1,8 метрге тең немесе одан көп         26,5-ден аспауы тиіс;
           болғанда

5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

           0,5 метрден 1 метрге дейін             16,5
           1 метрден 1,3 метрге дейін             19,5
           1,3 метрден 1,8 метрге дейі            22,5
           1,8 метрге тең немесе одан көп         24,5-ден аспауы тиіс".
           болғанда

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов