Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 873
қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1308 қаулысы




Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілеріндегі жергілікті телефон қосылыстарының құнын есептеудің уақыттық жүйесін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 873 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов