Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"қызамық";

2) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында:

1) тармақшада "В" вирусты гепатиті" деген сөздерден кейін ", қызамық" деген сөзбен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулер жүргізу ережесіне қосымша:

мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:

"Қызамық";

"12-15 ай" деген жолдағы 19-баған "+" деген белгімен толықтырылсын;

"12 жас" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;

     "____________________________________________________________
           1       2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
     _____________________________________________________________
     15 жас (қыздар)                                            +
     _____________________________________________________________".

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

А. Павлов