Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 150аг қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 418-қосымшада:

"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

"597" деген сандар "598" деген сандармен ауыстырылсын;

"1 реокартограф" деген сөздер алынып тасталсын;

"Алматы аймақтық көліктегі СЭС - " деген сөздерден кейін "2 әмбебап радиометр-дозиметр, 2 нейтрондар датчигі бар радиометр-дозиметр, 1 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздермен толықтырылсын;

"1 Холтеров мониторлау жүйесі бар ЭКГ," деген сөздер алынып тасталсын;

"1 энцефалограф," деген сөздер алынып тасталсын;

"8 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздер "7 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулыға 420-қосымшада;

"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

"10 жастағы балалар - 302,0 мың" деген сөздерден кейін "11 жастағы балалар - 308,0 мың, 12 жастағы балалар - 43,0 мың" деген сөздермен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулыға 438-қосымшада:

"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

032 кіші бағдарламадағы "оңалту және сауықтыру көмегін көрсету" деген сөздерден кейін "және 6 жасты қоса алғанда, 6 жасқа дейінгі балаларды күтуді тікелей жүзеге асыратын анасының (әкесінің) немесе өзге адамның болуы" деген сөздермен толықтырылсын;

4) көрсетілген қаулыға 444-қосымшада:

"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

"7" деген сан "13" сандармен ауыстырылсын;

"сатып алу" деген сөздердің алдынан "зертханалық жабдықтар жиынтығы - 1 бірлік, микроскоптар жиынтығы - 1 бірлік, эндоскопиялық базалық жинақ - 1 бірлік, спектаральдық доплері бар ультрадыбысты стационарлық сканер - 1 бірлік, электр жетекті операциялық стол - 1 бірлік, медициналық әмбебап камера - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;

5) көрсетілген қаулыға 453-1-қосымшада:

"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

"10" деген сандар "12" деген сандармен ауыстырылсын;

"сатып алу" деген сөздердің алдынан "1 кардиохирургиялық операцияларды жасауға арналған жинақ, 1 тамырластыру жүйесінің жинағы" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы