Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 қарашадағы № 1162 қаулысы

ҚР Үкіметінің 30.04.04 ж. № 495 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:

реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "5    Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне        99
                       оның iшiнде:
           Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiне 15";
           мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 24-жолмен толықтырылсын:
     "24   Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі           98";

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 224" деген реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "3    Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі       224".
           2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов