Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент,
экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы № 1148 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 тамыздағы № 1178 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның басқа құрылтайшысымен құрылтай шартын жасасуды;
2) Қоғамды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесіндегі "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-87-жолмен толықтырылсын:
"123-87 "Қазақстандық менеджмент, экономика
және болжау институты" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесіндегі: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-26-жолмен толықтырылсын:
"222-26 "Қазақстандық менеджмент, экономика
және болжау институты" АҚ".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |