Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикесы
Үкіметінің 2003 ж. 6 қарашадағы № 150к қаулысы

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:

2-тармақ ", "Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызды объектілердi қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ кестесінің 5-бағанының реттiк нөмiрі 2-жолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының қазынашылық бөлімі ғимаратының сейсмологиялық төзімділігін күшейтуді жүргізу".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен басып күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов