"Қазақстан-Британ техникалық университетi" жабық акционерлік қоғамы
акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық
акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 987 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Қазақстан-Британ техникалық университетi" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-50-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 222-15-жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |