Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 964 қаулысы


ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Досаев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы          министрі, төраға
Өзбеков                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы          вице-министрі, төрағаның орынбасары
Жәкенов                    - Қазақстан Республикасының Әділет
Асқар Серікжанұлы            министрлігі мемлекеттің мүліктік
                             құқықтарын қорғау, шарттар және талап
                             қою-қуыну жұмыстары басқармасының
                             бастығы

мына:

«Болатбекова               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы       министрлігі Еларалық қаржы қатынастары
                             басқармасының бастығы, хатшы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Болатбекова               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы       министрлігінің Халықаралық қаржы
                             қатынастары департаменті директорының
                             орынбасары, хатшы»;

көрсетілген құрамнан Кәрімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Иванов Леонид Александрович, Әкежанов Қуат Балқашұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов