"Жетiсу" авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік
пакетiн Алматы облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 12 қыркүйектегі № 932 қаулысы

"Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттік меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен "Жетiсу" авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берсiн.

2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 198-17-жолмен толықтырылсын:

"198-17. АЛМ-000196 "Жетiсу" авиакомпаниясы" AAҚ";

Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:

"Алматы облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 36-жол алынып тасталсын;

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов