Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 26 тамыздағы № 866 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «1. АЛА - 000079 «Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
                ҒЗИ» ААҚ
      2.  АЛА - 005032 «ТрансПетролеум» ААҚ
      3.  АЛА - 005039 «Электр желілерін басқару жөніндегі
          қазақстандық компания» ААҚ
      4.  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ
      5.  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ
      6.  «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық
          операторы» («КОРЭМ») ЖАҚ
      7.  ВКО - 002784 «Бұқтырма СЭС» ААҚ
      8.  ВКО - 001231 «Алтайэнерго» ААҚ
      9.  ЖМБ - 000962 «Жамбыл электр желісін таратушы
          компаниясы» ААҚ
      10. КРГ - 002979 «Қарағанды электр желісін таратушы
          компаниясы» ААҚ
      11. КСТ - 000011 «Оңтүстік электр желілері» ААҚ
      12. ПВЛ - 000600 «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ААҚ
      13. ПВЛ - 000718 «Майкөбе разрезі» ААҚ
      14.              «Екібастұз энергия орталығы» ЖАҚ
      15. СКО - 000013 «Көкшетау электр желісін таратушы
          компаниясы» ААҚ
      16. ЮКО - 010230 «Шардара СЭС» ААҚ
      17.              «Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік
                       басқармасы» ЖАҚ
      18.              «Астанаэнергосервис» ААҚ
      19. ЗКО - 001292 «Батыстрансгаз» ААҚ
      20. ЗКО - 010049 «Қазақгаз» республикалық компаниясы» ААҚ;

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов