Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 11 тамыздағы № 797 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 қаулысымен күші жойылды

 

"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"20. "SUPERSCHWACKE"   "Евротакс"   Еуропа елдерiнiң 8702,
автомобиль каталогы    фирмасы,     аумағынан әкелiнетiн 8703
                       Германия     автокөлiк құралдары*
*8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген  шығарылған
жылын  негiзге  ала  отырып,  есептелген  5  жылдан  аспайтын   пайдалану
мерзiмiмен".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов