"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" жабық акционерлік қоғамы
акцияларының мемлекеттік пакетiн Атырау облысының коммуналдық меншігіне
беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 6 тамыздағы № 791 қаулысы
"Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттік меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн заңнамада белгiленген тәртiппен Атырау облысының коммуналдық меншiгiне берсiн.
2. Атырау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Атырау облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 384-3-жолмен толықтырылсын:
"384-3 АТР-000697 "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" ЖАҚ";
көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 137-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 142-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |