«Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 6 тамыздағы № 787 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстанның Даму банкі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңның 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына:

1) Даму банкі Директорлар кеңесінің құрамына:

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты;

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғани Нұрмаханбетұлы Өзбековты;

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминді сайлау;

2) Даму банкі Директорлар Кеңесінің құрамынан Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты, Леонид Александрович Ивановты, Александр Иванович Андрющенконы шығару ұсынылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов