Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбір
республикалық мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 774 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Республикалық қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов