Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N
192 өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 шілдедегі № 153-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 3-жолда "Орындалу мерзімі" деген бағандағы "2002 жылғы 11 желтоқсан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жер кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 17-жолда "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов