Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 23 шілдедегі № 732 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Павлов                - Қазақстан Республикасы
      Александр Сергеевич     Премьер-Министрінің бiрiншi
                              орынбасары, төраға
      Оразбаев              - Қазақстан Республикасының
      Бірлік Есiркепұлы       Энергетика және минералдық
                              ресурстар вице-министрi
      Исаев                 - Қазақстан Республикасының
      Батырхан Арысбекұлы     Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау вице-министрi
      Асанов                - Қазақстан Республикасының
      Жақып Қажманұлы         Әдiлет вице-министрi
      Андрющенко            - Қазақстан Республикасының
      Александр Иванович      Индустрия және сауда
                              вице-министрі

1-тармақта:

"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрi" деген жолдағы "вице-министр" деген сөз "бiрiншi вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхаметжанов, Наталья Артемовна Коржова, Петр Петрович Нефедов, Бауыржан Жаңабекұлы Аймақов, Ринат Шарафутдинович Шамсутдинов шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов