Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің \
2003 жылғы 11 шілдедегі № 150д қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 503-қосымшаға:

6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы 3-тармақ "дайындау" деген сөзден кейін "және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов