Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 590 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрi, жетекшi
Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы          Премьер-Министрінің орынбасары
Есенбаев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәжит Төлеубекұлы            көмекшiсi (келісім бойынша)
      мына жолдар:
"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ораз Әлиұлы                  көмекшiсi (келісім бойынша)
Досаев                     - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы          монополияларды реттеу және
                             бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                             агенттiгiнiң төрағасы"
      мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы                  монополияларды реттеу және
                             бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                             агенттiгiнiң төрағасы
                             (келісім бойынша)
Досаев                     - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы          Қаржы министрi";

көрсетiлген құрамнан Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов