Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 23 сәуірдегі № 394 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 26 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Ақсеңгiр» тәжiрибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Қапал» кеңшары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - Алматы облысының коммуналдық меншiгiне; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Задария» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Комсомол» тәжiрибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылқұм тәжiрибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

3. Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов