Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп
тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 17 сәуірдегі № 367 қаулысы


Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Сертификаттау туралы" Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

1) "Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 410 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 18, 215-құжат);

2) "Стандарттау және сертификаттау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегі № 1259 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 30, 377-құжат);

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 15, 121-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов