Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1621
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 7 сәуірдегі № 332 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.05.10  № 908 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 552-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

2-тармақтағы «Экономика және сауда министрлiгі» деген сөздер «Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасында:

«Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлiмде:

реттiк нөмiрi 5-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«АШМ», ИСМ, Қазақстан Шарап жасаушылар одағы (келісім бойынша)»;

реттiк нөмiрi 7-жолдың 4-бағанындағы «ЭСМ» деген сөз «АШМ, ҚарМ, ИСМ» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

И. Тасмағамбетов