Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 ақпандағы № 186 қаулысы

ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:

1) 6-тармақтағы "Кенесары көшесi, 83" деген сөздер "Республика даңғылы, 60" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 11-тармақ:

мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді;

5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;

5-3) мiндеттi мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады;

11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттік мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды;

11-2) мемлекеттік бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етедi;";

3) 12-тармақта:

5) тармақшадағы ", олардың жарғыларын бекiтуге" деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекітуге;";

6) тармақшадағы "республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

"9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге;

9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов