Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 984 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 37 қаулысы


ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 984 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:

«7. Эксперименттік және теориялық

физика ғылыми-зерттеу институты Алматы қаласы

8. Ғылыми-технологиялық парк Алматы қаласы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов