Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов енгізілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов