Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1373 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысымен күші жойылды

 

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерін пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары;";

сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";

Электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:

тақырыбы "таратуды" деген сөзден кейін ", электр станцияларын, электр желiлерi мен кіші станцияларды пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын;

Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндiрiсiн, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн жобалауды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын біліктiлiк талаптарында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктілік талаптарына";

Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгі, геологиялық барлау, таy-кен-шахталық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерiн, аварияға қарсы қорғаныс пен белгi бергiштердi, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн дайындауды, монтаждауды және жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзуші субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптарында:

тақырыбында:

"желiлерiн" деген сөзден кейiн "жобалауды," деген сөзбен толықтырылсын;

"тау-кен-шахталық," деген сөзден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын;

Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын біліктiлiк талаптары мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

"6) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысы";

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Уларды өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын біліктiлiк талаптары*

1. Бiліктілік талаптары:

1) санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстік ғимараттардың;

2) қауiпсiздiк пен техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес келетін техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердiң, жабдықтардың, технологиялық желiлердiң;

3) уларды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың (санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау, iшкі iстер және өртке қарсы қызмет органдарының бiрлесiп тексерген актiсi);

4) улы заттар қоймасы күзетiнiң немесе күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлермен, күштi әсер ететiн улы заттарды (КӘУЗ) сақтаған жағдайда - iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiмен күзет қызметiн көрсетуге арналған шарттың;

5) мыналарды қамтамасыз ететін қызметтердiң:

жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауiпсiздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

медициналық бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

улы заттардың есепке алынуын;

қауiптi жүктердi тасымалдауды;

6) арнайы қорғаныш киiмнiң, жеке қорғаныш заттарының, өртке қарсы мүкәммалдың;

7) белгiленген тәртiппен бекітілген персоналды қауiпсiздiк техникасына оқыту жөніндегі нұсқаулықтың; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалардың, іс-шаралардың;

8) тиiстi білім деңгейiне сай әрі мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар біліктi инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердiң біліктi құрамының, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетіндiгiне тексеруден өткен және улы заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар мамандардың;

9) өтініш берушінің белгiленген нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық, санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының;

10) уларды пайдалану (қолдану) кезiнде (өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында, қорғаныс мақсатында) тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган келісімiнiң;

11) шетелдік жұмыс күшін қолданған жағдайда, оларды тартуға арналған лицензияның;

12) сақтандырудың мiндеттi түрлерінің болуын қамтиды.

* Ескерту.

Шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiнде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде, 1-тармақтың 1), 2), 5) (улы заттарды есепке алу мен тасымалдаудан басқа), 10) тармақшалары бойынша мәліметтерді беруі талап етілмейді.".

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов