"Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта
ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 желтоқсандағы № 1395 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 8 сәуірдегі № 314 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Мелиоратор" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;

Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi жұмыс iстеп тұрған және жаңадан iске қосылатын су шаруашылығы және гидромелиоративтiк жүйелердi жабдықтармен жасақтау, оларда iске қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ су шаруашылығы және гидромелиоративтiк құрылыстардың объектiлерi үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау болып айқындалсын;

3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-9-жолмен толықтырылсын:

"265-9. "Мелиоратор" ЖАҚ";

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-5-жолмен толықтырылсын:

"205-5. "Мелиоратор" ЖАҚ".

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов