Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 қаулысы
(2015.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсін.
2. Мыналар:
1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне;
2) «Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» және «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарауына;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Қызыл жиде» республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесi» мемлекеттік мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi» мемлекеттік мекемесiн қосу жолымен;
2) «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Мына мемлекеттік мекемелер:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы» болып қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттік мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бiрге «Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» және «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» мемлекеттік мекемелерiн қабылдау-беру және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау облыстық аумақтық басқармаларын қайта ұйымдастыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 22.01.03 ж. № 75; 23.02.04 ж. № 213; 01.03.04 ж. № 249 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 569-құжат):
1, 3-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi 175 Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi 378 Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 28 Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 36 Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы 42 Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 14 Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 32 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы 34 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 24 Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы 37 Үстiрт мемлекеттік табиғи қорығы 29 «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 58 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 43 Iле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 256 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 93 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 186 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 147 Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесi 28 «Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесi 39 Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемелер 586»;
«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген 4-бөлiм алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1108 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.»;
мынадай мазмұндағы жаңа қосымшамен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 7 қазандағы
№ 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердiң атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитет мемлекеттік мекемелерiнiң атауы |
Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақмола облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Ақтөбе облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақтөбе облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Алматы облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Атырау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Атырау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Жамбыл облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Жамбыл облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
| Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қарағанды облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қарағанды облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қостанай облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қызылорда облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қызылорда облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Маңғыстау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Маңғыстау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Павлодар облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Павлодар облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Солтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы». |
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
коммуналдық меншiкке берілетiн ормандар және жануарлар дүниесiн
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI
Ақмола облысы
1. «Ақкөл» ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
2. «Барап» ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
3. Үлкен түктi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
4. «Бұқпа» ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
5. Бұланды ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
6. Кеңес ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
7. Краснобор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
8. Куйбышев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
9. Кiшi түктi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
10. Маралды ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
11. Отрадное ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
12. Степногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
13. Ерейментау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
14. Ұрымқай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
Ақтөбе облысы
15. Ақтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
16. Үлкен борсық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
17. Қарабұтақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
18. Мәртөк ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
19. Темір ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
20. Ойыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
21. Қобда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Алматы облысы
22. Алакөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
23. Лепсi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
24. Бөрлiтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
25. Жоңғар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
26. Жаркент ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
27. Сарқант ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
28. Талдықорған ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
29. Үйгентас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
30. Үштөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
31. Бақанас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
32. Қаскелең ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
33. Кеген ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
34. Күртi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
35. Нарынқол ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
36. Ұйғыр ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
37. Шелек ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
Атырау облысы
38. Атырау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
39. Индер ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
40. Құрманғазы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Шығыс Қазақстан облысы
41. Асубұлақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
42. Үлкен нарым ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
43. Bepx-Уба ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
44. Зайсан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
45. Зырян ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
46. Күршiм ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
47. Лениногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
48. Кiшi оба ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
49. Марқакөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
50. Пихта ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
51. Самара ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
52. Өскемен ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
53. Черемшан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Жамбыл облысы
54. Ақкөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
55. Ақыртөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
56. Байзақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
57. Жамбыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
58. Қарақоңыз ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
59. Көктерек ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
60. Қосқұдық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
61. Луговое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
62. Мерке ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
63. Мойынқұм ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
64. Сарысу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Батыс Қазақстан облысы
65. Ақжайық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
66. Бөрлi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
67. Тайпақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
68. Орал ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
69. Орда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
70. Чапаев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
71. Шыңғырлау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
72. Январцев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Қарағанды облысы
73. Ақтоғай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
74. Жаңаарқа ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
75. Қарағанды ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
76. Ky ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
77. Теміртау ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
78. Ұлытау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Қызылорда облысы
79. Арал ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
80. Жалағаш ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
81. Жаңақорған ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
82. Қазалы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
83. Қармақшы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
84. Қызылорда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
85. Сырдария ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
86. Шиелi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Қостанай облысы
87. Арақарағай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
88. Басаман ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
89. Боровое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
90. Камышин ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
91. Михайлов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
92. Пригородное ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
93. Семиозер ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
94. Таранов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
95. Ұзынкөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
96. Урицкое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
97. Усаков ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Маңғыстау облысы
98. Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
99. Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Павлодар облысы
100. Максим Горький ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
101. Павлодар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
102. Өрлiтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Солтүстiк Қазақстан облысы
103. «Ақан cepi» ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
104. Аққайың ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
105. Булаев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
106. Бұрлық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
107. Жамбыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
108. Есіл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
109. Мамлют ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
110. Орлиногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
111. Петропавл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
112. Преснов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
113. Сергеев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
114. Соколов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
Оңтүстiк Қазақстан облысы
115. Арыс ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
116. Бадам ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
117. Боралдай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
118. Отырар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
119. Созақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
120. Төлеби ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
121. Түркістан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
122. Түлкiбас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
123. Өгем ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
124. Шардара ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
күші жойылған кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан-Сауд Арабиясы халықаралық «ҚазСАЭФ» экологиялық қайырымдылық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 ақпандағы № 253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 10, 74-құжат).
2. «Қазақстан Республикасының жыртқыш құстарын сақтау, қалпына келтiру және пайдалану бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 ақпандағы № 219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 8, 54-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 14 мамырдағы № 434 қаулысының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 14, 125-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат).