Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 143e қаулысы

Бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 36-қосымшада:

6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда "салу жобасы бойынша жобалық-смета жасау" деген сөздер "салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудан өткен Астана қаласындағы қан препараттарын шығару жөніндегі зауыт салудың техникалық-экономикалық негіздемесі.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов