Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы 143
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 143д қаулысы

Бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:

203-бағдарламаның 5-бағанындағы "12" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов