Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 тамыздағы № 1057
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 21 қарашадағы № 1234 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 тамыздағы № 1057 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 373-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық мерейтой комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы             Премьер-Министрінің орынбасары,
                             төраға орынбасары
Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы           Премьер-Министрінің Кеңсесі
                             Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің
                             меңгерушісі
Лавриненко                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Юрий Иванович                коммуникациялар бірінші вице-министрі
Мусин                      - Атырау облысының әкімі
Аслан Есболайұлы
Аманшаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы             ақпарат және қоғамдық келісім
                             министрлігі Мәдениет комитетінің
                             төрағасы;
      мына жолдар:
"Тілеухан                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Бекболат Қанайұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                             министрлігі Мәдениет комитетінің
                             төрағасы
Есдәулет                   - Қазақстан Республикасы
Ұлықбек Оразбайұлы           Премьер-Министрінің Кеңсесі
                             Әлеметтік-мәдени даму
                             бөлімі мәдениет секторының
                             меңгерушісі"
      мынадай редакцияда жазылсын:
"Тілеухан                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Бекболат Қанайұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                             вице-министрі
Есдәулет                   - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы           бас редакторы".

көрсетілген комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Мусин Ерік Мазанұлы, Шнейдмюллер Владимир Викторович, Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы, Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов