Республикалық меншіктің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1238 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғ., 44-үй мекен-жайындағы ауданы 467,8 м2 үй-жай Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласының әкімиятымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген үй-жайды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін объектілердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 395-жолмен толықтырылсын:

"395. Алаңы 467,8 м2 үй-жай Достық даңғ. 44-үй".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов