Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1206 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысымен күші жойылды

 

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу процесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 117-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсiн:

1) тақырыбы және 1-тармақ "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;

2) кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

"Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:";

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесінде:

тақырыбы "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

"азаматтар" деген сөздiң алдынан "уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

2) тармақшадағы "мамандандырылған" деген сөздiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;

мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "қорытындысының" деген сөзден кейiн ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының";

6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады.";

7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.";

8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар:

1) комиссияның қорытындысын;

2) шарттың көшiрмесiн ұсынады.";

13-тармақ алынып тасталсын;

14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын;

15-тармақ алынып тасталсын;

18-тармақтың бiрiншi абзацының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

"Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:";

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов