Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы № 1207 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды

 

Акциздердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

"Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым маркаларымен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж , № 42, 386-құжат мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңының 76-бабына сәйкес деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алып маркаларымен таңбалаудың тәртібінде;

1-тармақ алынып тасталсын;

2-тармақтың екінші абзацында "арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар, шараптар, коньяктар, шампан шараптары деген сөздер сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлері мен алкоголь өнімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Мыналарға акциздік алым маркаларының:

алкоголь өнімдерін - жеті таңбалы баспаханалық немірлеуі болады, түстері бойынша ажыратылады және алты түрге бөлінеді: спирт, арақ, күшті алкогольді ішімдіктер, әлсіз алкогольді ішімдіктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрі - сыйымдылық) қарай 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлінеді;

темекі өнімдеріне - екі таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.

Алкоголь өнімдерін таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:

  
  Марканың түрі              
  Өнімнің атауы                 
  спирт                      
  спирттің барлық түрлері       
  арақ                       
  арақ және ерекше арақтар      
  күшті алкогольді сусындар  
                             
                             
                             
                             
  күшейтілген ликер-арақ        
  бұйымдары және этил спиртінің 
  көлемді үлесі 30 % жөне одан  
  көп өзге күшті алкогольді     
  ішімдіктер                    
  әлсіз алкогольді сусындар  
                             
                             
                             
                             
  шарап сусындары, әлсіз градус-
  ты ликер-арақ бұйымдары       
  және этил спиртінің көлемді   
  үлесі 30 %-тен аз өзге        
  әлсіз алкогольді ішімдіктер   
  шарап                      
  шараптар, шампан              
  коньяк                     
  коньяк, бренди                
 
 
 

     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов.