Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы № 1175 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:

Иванов                        - Қазақстан Республикасының 
Леонид Александрович            Қаржы вице-министрі
      мына жолдар:
«Павлов                       - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич             Премьер-Министрінің орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының
                                Қаржы министрі, төраға
Дунаев                        - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы              Қаржы вице-министрі
Оразбақов                     - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы                Экономика және сауда
                                вице-министрі»
      мынадай редакцияда жазылсын:
«Павлов                       - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич             Премьер-Министрінің
                                бірінші орынбасары, төраға
Дунаев                        - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы              Экономика және бюджеттік
                                жоспарлау вице-министрі
Оразбақов                     - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы                Индустрия және сауда
                                вице-министрі»;

көрсетілген комиссия құрамынан Рахметов Нұрлан Құсайынұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов