Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 143б қаулысы

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 17-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:

5-бағанда:

"304" деген сан "577" деген санмен ауыстырылсын;

"жаңа туған нәрестелер," деген сөздерден кейін "273 мың адам - 5 жастағы және медициналық айғақтар бойынша бұрын егілмеген балалар," деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:

4-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен толықтырылсын;

5-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен толықтырылсын;

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:

5-бағанда "УЗИ - 1 бірлік" деген сөздерден кейін ", стационарлық пленкалы флюорограф - 2 бірлік, портативті УЗИ - 3 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен толықтырылсын;

көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:

5-тармақта "міндеті:" деген сөзден кейін "жобалау алдындағы құжаттаманы дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:

5-бағанда:

"Денсаулық сақтау" деген сөздердің алдынан "Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу," деген сөздермен толықтырылсын;

"жөндеуден" деген сөзден кейін "және қайта жаңартудан" деген сөздермен толықтырылсын;

"14" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын;

"госпиталь" деген сөзден кейін ", Травматология және ортопедия ҒЗИ, Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана." деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақта: "жөндеу" деген сөзден кейін "және қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов