Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 30 шілдедегі № 852 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2003 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35 және 36-жолдармен толықтырылсын:

"35. "Астана-құс" асыл тұқымды шаруашылығы ААҚ (Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Александровка ауылы) 70%;

36. "Асыл түлік" ААҚ (Астана қаласы, Макинск тұйық көшесі, 8) 76,88%".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

И. Тасмағамбетов