Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 шілдедегі № 816 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж, № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.A. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.»;

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Сапаров                 - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Мәлiк Мұхамеджанұлы       Бас штабының бастығы - Қазақстан Республикасы
                          Қорғаныс министрінің бiрiншi орынбасары,
                          төрағаның орынбасары
Қосынов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Олжабайұлы          және минералдық ресурстар министрлігі
                          Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Сұлтанғазин             - Қазақстан Республикасының Білім және
Өмiрзақ Махмұдұлы         ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер
                          институтының директоры
Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Наталья Артемовна

мына:

«Әубәкiров              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тоқтар Оңғарбайұлы        кеңесшiсi (келісім бойынша)
Қожақов                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Асан Егiмбайұлы           министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер
                          Достастығы департаментiнiң директоры»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Әубәкiров              - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Тоқтар Оңғарбайұлы        ғарышкерi (келісім бойынша)
Қожақов                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асан Егiнбайұлы           министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер
                          Достастығы iстерi жөніндегі комитетiнiң
                          төрағасы»;

көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Мейiрбек Молдабекұлы Молдабеков, Бақытжан Ертайұлы Ертаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Едiге Асқарұлы Закарин, Анатолий Шьяпович Васимов, Александр Юрьевич Вершинин.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов