Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 1 шілдедегі № 712 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Дәукеев                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серiкбек Жүсiпбекұлы             ғылым академиясының президентi;
Күрiшбаев                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы               шаруашылығы вице-министрi;
Рақымжанов                     - Қазақстан Республикасының
Әмiрхан Мұратбекұлы              Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                 Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi
                                 меңгерушiсiнiң орынбасары;
     мына:
«Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бақытжан Тұрсынұлы               және ғылым бiрiншi вице-министрi»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы               Президентінің Әкiмшiлiгi Iшкi
                                 саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi»;

көрсетілген құрамнан Нағима Әбенқызы Айтқожина, Ахметжан Смағұлұлы Есімов, Болат Бидахметұлы Жәмішев, Ерік Мазанұлы Мусин шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов