Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 және 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 мамырдағы № 562 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде:

5 және 34-тармақтардағы «тиісті бюджеттің кірісіне» деген сөздер «тиісті бюджетке» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесінде:

61-тармақтағы «республикалық бюджеттің кірісіне» деген сөздер «республикалық бюджетке» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағанбетов