Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген
ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 533 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.09.04 ж. № 1005;28.10.04 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

(Бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мыналар болып айқындалсын:

1) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, балалар үйінің денсаулығы нашар жетім балаларын, экологиялық қолайсыз аймақтардың және аз қамтылған отбасыларының балаларын оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру;

2) әдістерді, соның ішінде дәстүрден тыс әдістерді әзірлеу және енгізу, имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау;

3) азаматтардың рухани және тән саулығын нығайтудың дәстүрден тыс әдістері ықпалының тәжірибесін зерделеу.

ҚР Үкіметінің 30.09.04 ж. № 1005 қаулысымен 4-тармақшамен толықтырылды

4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімінде:

реттік нөмірі 470-164-жол алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов