Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 89 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 224-7 - 224-15-жолдармен толықтырылсын:

"224-7. КРГ-007488 "Қарағанды полиграфиясы" ААҚ;

224-8. КСТ-000515 "Қостанайполиграфия" ААҚ;

224-9. ЗКО-000375 "Дастан" Батыс Қазақстан баспа-полиграфиялық корпорациясы" ААҚ;

224-10. ПВЛ-000360 "Полиграфия" ААҚ;

224-11. КЗО-000223 "Қызылордаполиграфия" ААҚ;

224-12. СКО-000785 "Көкшеполиграфия" ААҚ;

224-13. ВКО-000686 "Семей" полиграфиясы ААҚ;

224-14. КРГ-000706 "Полиграфия" ААҚ;

224-15. СКО-000786 "Полиграфия" ААҚ".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов