Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң "Экономикалық
зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта
ұйымдастыру туралы (шаруашылық жүргiзу құқығында) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1748 қаулысы

ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 459 қаулысымен күші жойылды


"Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) мемлекеттiң жарғылық капиталда жүз пайыз қатысуы және акциялардың мемлекеттік пакетiн республикалық меншiкте сақтау арқылы "Экономикалық зерттеулер институты" жабық үлгiдегi коммерциялық емес акционерлік қоғамы етiп (бұдан әрi - "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ мемлекеттік тiркеуден кейiн белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25%-ынан артық емес сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайтуға шаралар қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды институт қызметкерлерi құрған заңды тұлғалардың арасында жабық әдiспен жүргiзсін;

3) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне берсiн;

4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулыларына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 30а-3-жол алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында)" деген жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі